Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА 33 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту және қала инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы қала аумағында жалпы саны 33 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған. Жоспар аясында Т.Бокин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары толық көлемде жүзеге асырылып, 15 үйде жұмыстар толығымен аяқталған.

Сонымен қатар, 1 және 2 ықшамаудандарда орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерді қамтитын қасбетін жаңарту жұмыстары 18 тұрғын үйге жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 17 тұрғын үйінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал №8 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.

Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары қала келбетін жаңартып, инфрақұрылымды жақсарту үшін маңызды қадам болып табылады. Мұндай жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын көтерумен қатар, қала аумағының эстетикалық әрі функционалдық тұрғыдан да дамуына ықпал етеді.

Қасбеттерді жаңарту жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлердің энергия үнемдеуі жақсарып, жалпы тұрмыс жағдайлары артады. Сонымен қатар, бұл шара қала экономикасына қосымша қолдау көрсетіп, тұрғын үй секторын жаңартуға жол ашып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ (WTA) – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ АЛЬЯНСЫ ҚҰРАМЫНА ӨТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

azatmedia

AMANAT: КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖҰМЫС ЖИЫНЫ ӨТТІ

azatmedia