Ақпарат

ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

«AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің бейнеконференциялық форматтағы кезекті отырысы өтті. Жиынның күн тәртібі – жастар денсаулығы орталықтарының жұмысын жетілдіру және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселелеріне арналды.

Отырысқа кеңес жетекшісінің орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімова, кеңес мүшесі, «Adal zhurek» көпбалалы отбасыларды қолдау жобасының жетекшісі Айдын Ізбасар, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Бейнебайланыс режимдегі респуликалық отырысқа Түркістан облысынан аймақтық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай және облыстық басқарма басшылары, кеңес мүшелері отырыс жұмысына атсалысты.

Жиын барысында сарапшылар мен мамандар жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейту, жасөспірімдерге бағытталған медициналық және психологиялық көмекті қолжетімді ету секілді мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында кешенді шаралар ұсыну қажеттігі айтылды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

azatmedia

АЭС САЛУ – ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫ МЕН ҚАЛАЛАРЫНДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР МЕН АЛАҢДАР АШЫЛЫП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚҰРЫЛУДА

azatmedia