Жаңалықтар Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы өтті. ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны Конституциялық Сот, Түркістан облысының әкімдігі және университет бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық симпозиумның басты мақсаты – түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының тәжірибесі, дала өркениетінің ар-ождан мен әділетке негізделген құқықтық мәдениеті және Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсерін жан-жақты қарастыру. Басқосуға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның белгілі ғалымдары мен құқық саласының мамандары қатысты.

Симпозиумның алғашқы күні секциялық отырыстар мазмұнды пікірлермен ерекшеленді. Халықаралық жиында түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының тәжірибесі, дала өркениетінің ар-ождан мен әділетке негізделген құқықтық мәдениеті және Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсері жан-жақты қарастырылды.

Ал симпозиумның пленарлық отырысында мемлекеттік органдардың жоғары өкілдері түркі өркениетіндегі адамгершілік, әділет және жауапкершілік ұстанымдарының бүгінгі мемлекеттік басқару мен құқықтық тәрбиеге әсері туралы ой бөлісті.

Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова өз сөзінде құқықтық мәдениеттің рухани негізге сүйенгенде ғана қоғамның сенімін арттыратынын атап өтті.

– Неліктен біз «Ұлы Даланың философиясы мен құқықтық мәдениетіне» назар аударуды жөн санадық? Өйткені олар ар-намыс, әділдік, үйлесімділік, жауапкершілік және қоғамдастыққа құрмет ұғымдарын қамтиды. Бұл құндылықтар ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жауапты азаматтарды тәрбиелеуге және әділ және заңды мемлекетке қарай қазіргі заманғы бағытқа сәйкес қоғамды дамытуға көмектеседі, – деді Эльвира Азимова.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің құттықтау хатын оқып берді.

Келесі кезекте, Әзербайжан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Рашид Рзаев та құттықтау тілегін білдірді.

Сондай-ақ ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Унзила Шапақ пен Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Рогов, Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Раимқұлова, ҚР Сыртқы Істер министрлігінің ерекше тапсырма жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова және Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдері кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова мен Түркі академиясының вице-президенті, профессор Бүлент Байрам, ҚР Конституциялық Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, профессор Мүслим Хасенов, Ахмет Ясауи универсиеттінің Өкілетті кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова, сөз сөйледі. Олар түркі өркениетіндегі адамгершілік, әділет және жауапкершілік ұстанымдарының қазіргі қоғам үшін маңызын жан-жақты талдады.

Симпозиумның соңғы күні қатысушылар ортақ ғылыми бастамаларды дамыту жөнінде ұсыныстар қабылдады. Атап айтқанда, ғылыми жинақ шығару, «Түркі дүниесінің құқықтық терминдер сөздігін» әзірлеу және түркі елдері университеттері арасындағы құқықтық зерттеулер желісін құру жоспарланды. Бұл бастамалар түркі халықтарының ортақ құқықтық мұрасын жүйелеп, оны қазіргі құқықтық білім мен ғылыми ортаға енгізуге жол ашпақ.

Екі күн бойы өткен бұл халықаралық жиын Ұлы Дала философиясының қазіргі заманғы құқықтық мәдениетке берер үлесі зор екенін айқын көрсетті.

«Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы Түркістанда өткен маңызды оқиғалардың бірі болды. Бұл шара түркі әлемінің терең құқықтық және мәдени мұрасын зерттеу, оның қазіргі заманғы құқықтық жүйеге әсерін қарастыру мақсатында ұйымдастырылды. Симпозиумда көптеген халықаралық ғалымдар мен құқық саласының мамандары өз пікірлерімен бөлісіп, түркі өркениетінің адамгершілік, әділет және жауапкершілік ұстанымдарының қазіргі қоғам үшін маңызын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ, түркі халықтарының ортақ құқықтық мұрасын тереңірек зерттеу және жүйелеу қажеттілігі сөз болып, бұл бағытта ғылыми жинақтар мен терминдер сөздігі әзірлеу туралы ұсыныстар қабылданды.

Симпозиумның маңыздылығы тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, мәдени және құқықтық тұрғыдан да үлкен. Түркістанда өткен бұл іс-шара түркі тілдес елдердің құқықтық мәдениетінің бірлігін нығайтып, ортақ заңнамалық дәстүрлер мен құндылықтарды жаңа заман талабына сай дамытуға серпін береді. Әсіресе, Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсері, дала өркениетінің құқықтық мәдениеті мен билер институтының тәжірибесі қазіргі құқықтық білім жүйесін байытуға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға зор ықпал етуі мүмкін. Бұл симпозиум түркі әлемінің құқықтық және мәдени мұраларын сақтап, оның қазіргі қоғамдағы өзектілігін көрсету тұрғысынан аса маңызды.

Сондай-ақ, жиын барысында ұсынылған құқықтық зерттеулер желісін құру және түркі елдерінің университеттері арасындағы байланыстарды нығайту жаңа ғылыми мүмкіндіктерге жол ашады. Ұлы Дала философиясының терең мәні мен құқықтық мәдениетінің заманауи құқық жүйесіне ықпалы әлі де көптеген зерттеулер мен талқылауларға негіз болады деп сенеміз. Бұл халықаралық симпозиум түркі әлемінің құқықтық және мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттырып, оны қазіргі заңнамалық жүйелермен байланыстырған маңызды қадам болды.

Қатысты жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САУРАН АУДАНЫНДА

azatmedia

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени сәулет кешендері туралы

azatmedia

ЖАҢА САЯСИ МӘДЕНИЕТТІ ОРНЫҚТЫРУҒА ЖҰМЫЛУДАМЫЗ

azatmedia