Жаңалықтар

САУРАН: ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAТ» партиясының бүгінгі таңдағы жұмысының маңызды және аса жауапты бағытының бірі – қоғамдық қабылдау. Онің ішінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізу, яғни шалғай жатқан ауыл тұрғындарын қабылдау. Осы орайда бүгін «AMANAТ» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жүйнек ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

Көшпелі қоғамдық қабылдауға облыстық мәслихат депутаттары Б.Сүлейменов, Ж.Темірбекова, аудандық мәслихаттың депутаты Е.Мұстапаев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков және ауыл тұрғындары қатысты.Кездесу барысында облыстық маслихат депутаттары атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Ауданды газдандыру, ауыз сумен қамту, ауылдарды инфрақұрылымдармен қамту салалары бойынша бірқатар мәселелер шешімін тапқандығын жеткізді.

Қабылдауға Жүйнек ауылы тұрғыны Е. Вапаев үйдің құжаттарын рәсімдеуде мәселелер туындап жатқандығын жеткізді. Себеп, құжаттар бұрынғы Түркістан қаласы бойынша қалып қойғандығын сондай- ақ, Жүйнек ауылында 100 – ден астам үй Сібір жарасы ошағына жақын аумаққа орналасқандықтан, санитарлық талаптарға сай келмегендіктен құжаттандырылмай жатқандығын айтты. Халық қалаулылары бұл мәселені жан – жақты зерделеп, нақтылап, аталған мәселемен айналысатындығын жеткізді. Ауыл тұрғыны Х.Юсупов тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін бөлуді сұрап келді. Сонымен қатар, ауылдағы артизандарды қолға алса деген ұсынысын жеткізді.

Қабылдауға келген тұрғындардың бірі Н.Темирова қазіргі уақытта жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтып, тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал жасауын сұрады.Ауыл тұрғыны М.Вапаев ауылдың төбе жағынан заңсыз үйлер салынған. Қазіргі уақытта 295-ке жуық үй құжаттанбай отырғандығын айтып, мәселені шешуге ықпал етуді өтінді.

Халық қалаулылары ауыл тұрғындарының тарапынан көтерілген мәселелерді тікелей қадағалауға алып, оңды шешім табуына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.

Сонымен бірге, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен, аудандық партия филиалының төрағасы С. Асылбековтың қатысуымен, аудандық мәслихатының төрағасы Байсбаев Сержан Ермекбайұлы Иассы ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Иассы ауылдық округінің тұрғындары ауылдағы күрмеуін таппай жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтар болсақ, ауыл тұрғыны Қ.Исмаилов Шобанақ, Абай көшелеріне асфальт төсеу мәселесін көтерді. Қазіргі таңда Шобанақ көшесінің сметалық құжаттары дайын, облысқа қарауға жолданған. Көшелерді асфальттауға қаржы бөлінуіне ықпал жасауын сұрады.

Қабылдауда болған ақсақалдар алқасының төрағасы, ауыл тұрғыны У.Исаков тұрғын үй құрылысын алу үшін жер телімін бөлуге және инфрақұрылым жасауға қаржы бөлінсе деген өтінішпен келді. Сонымен қатар, жарық бағаналарының тозығы жеткенін айтып, ауыстыруға қолдау көрсетуін сұрады.

Жоғарыда аталған тұрғындардың өтініштеріне аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Ермекбайұлы алдағы уақытта мәселелердің оңтайлы шешілуі бойынша тиісті мекемелермен бірлесе отырып, заң аясында жұмыс атқаратындығын атап өтті. 

Қатысты жаңалықтар

САУРАН: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 5 БІЛІМ ОШАҒЫ САЛЫНАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia