Мәдениет

“Қасиетті өлке-киелі мекен”

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы және аудандық мәдениет сарайына қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлерінің қатысуымен “Қасиетті өлке-киелі мекен” тақырыбы аясында Қарақозы Абдалиев ауылы округіне қарасты Қазығұрт тауы баурайында орналасқан әулиелі жер “Ақбура баба” кесенесіне саяхаты жүргізілді.

Саяхат әр елдің азаматы біліп қастерлеуі тиіс киелі жерлері болады, сол киелі жерлерді дәріптеу, адамзат баласының тал бесігі саналатын қарт Қазығұрт тауы баурайында орналасқан киелі орындарды және киелі орындардың тарих беттерінде қалған аңыздарын және жер жүзіне мәлім болған таудың бірі – осы Қазығұрт тауы жайлы, Қазығұрт тауындағы “Ақбура баба” кесенесіне саяхат жасай отырып Ақбура баба ғұмырынан сұхбат өрбіту, киелі жерлердің кереметін жас ұрпаққа насихаттай отырып мәдени мұрамызды сақтап келер ұрпаққа жеткізу, туған жеріміздің табиғаты мен тарихын құрметтеу мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында мәдениет қызметкерлері кесенеде Ақбура бабаға құран бағыштады, киелі суынан нәр татылды. Кесене басында Ақбура бабаның ғұмырынан, аңыз-естеліктерден әңгіме өрбілді. Мәдениет саласы қызметкерлері аңыз-әңгімелерге сүйене отырып тарихтан сыр шертті. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

azatmedia

Қазығұртта «Сырмақ сыру» дәстүрі өткізілді

azatmedia

Қазығұрттық өнерпаздар бір биіктен соң бір биікті бағындыруда

azatmedia