Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Рабат ауылдық мәдениет үйінде А.Құнанбаевтың 180 жылдығына орай “Жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдау” атты семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес А.Құнанбаевтың 180 жылдығын атап өту, ақынның шығармаларын дәріптеу және жас өнерпаздардың шығармашылығына қолдау жасау, қоғамда жасөспірімдердің шығармашылық дамуы – мәдениет саласында маңызды міндеттердің бірі екенін түсіндіру, шығармашылық әлеуетті дамыту тек қана олардың болашағы үшін емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени өсуіне әсер ететінін ұғындыру. Жас өнерпаздарға арналған шығармашылық бағыттағы бағыттарды қамтамасыз ету және қолдау бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін жеткізу. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту – олардың ішкі әлемін байытып, өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатында өтті.
Семинар-кеңесті Қ.Абдалиев ауылы округі әкімшілігі аппаратындағы жетекші маман Оразбаев Ермахан, Рабат ауылының тумасы, Қазығұрт ауданының “Құремтті азаматы” Қосуақов Құрал, аудандық мәдениет сарайы директоры Б.Бегазов ашып беріп, лебіздерін білдірді.Сөз соңы мәдениет үйі жанындағы үйірме өнерпаздарының А.Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Концерттік бағдарламада әжелер ұжымы халық әндері мен Абай әндерін орындады, домбырашылар ұжымы да өз өнерлерін көрсетті. “Керім-ай” би тобы өнерпаздары би жанырының балалар үшін керемет екенін көрсете білді. Атбұлақ аулылдық клубы әдіскері Ұ.Елеупова мен Қызылдала ауылдық клубы әдіскері С.Төлешов әннен шашу шашып көрермен қауымның көңілін көтерді. Концерттік бағдарлама соңы Рабат ауылдық мәдениет үйі директоры С.Ахаев 2025 жылдың 6 айындағы жетістіктері жайлы баяндама жасады, мәдениет үйі қызметкерлері арасында интеллектуалды ойынмен жалғасын тауып, Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Б.Кулимова, аудандық мәдениет сарайы директоры Б.Бегазов семинар-кеңесті қорытындылай келе біршама іс-шараның барысына тоқталып өтті. Семинар-кеңес жақсы деңгейде өткізілді.