Мәдениет

Қазығұртта «Сырмақ сыру» дәстүрі өткізілді

Қазығұрт ауданының Шанақ ауылдық мәдениет үйінде халықтық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды сақтап, жаңғырту мақсатында «Сырмақ сыру» дәстүрі өткізілді. Бұл іс-шара салт-дәстүрімізді насихаттау, оның ішінде ұлттық қолөнерімізді жастар арасында дәріптеу, сақтап қалу және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға «Әже шуағы» әжелер алқасы ұжымы белсене қатысып, өздерінің бай тәжірибелері мен білімдерін келешек ұрпаққа ұсынды.

Жас келіндер мен өскелең жастарымыз үшін өте маңызды шара барысында әжелеріміз сырмақ сырудың тарихы мен оның әлеуметтік маңызын түсіндіріп, сырмақ жасау әдіс-тәсілдерін үйретті. Әжелеріміз жастарға қазақ қолөнерінің ұмыт бола бастаған дәстүрін, яғни сырмақ сыруды таныстырып, оны жасау жолдары мен қыр-сырын егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұл іс-шара жас келіндер мен жастар үшін ұлттық мәдениетіміздің алтын қазынасын сақтап қалуға және оны дамытуға үлкен мүмкіндік болды.

Іс-шараның ең басты мақсаты – қазақтың қолөнерін жастар арасында кеңінен тарату, әрбір адамның ұлттық дәстүрімізді құрметтеуін және оны өз өмірінде қолдануын қамтамасыз ету болды. Бұл шараны өткізуде әжелердің маңызды рөлі ерекше атап өтілді, себебі олар өздерінің ақыл-кеңестерімен ғана емес, тәжірибесімен де жастарды баулиды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

azatmedia

«САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ АУДАНДЫҚ АКЦИЯ ӨТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ БАҚЫТЖАМАЛ ОСПАНОВАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia