Мәдениет

«САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ АУДАНДЫҚ АКЦИЯ ӨТІЛДІ

Қазығұрт аудандық тілдер орталығының насихат тобы қазақ тілінің мәртебесін арттыру және оның қоғамдағы қолданысын кеңейту мақсатында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының кепілі» атты аудандық акция өткізді. Акцияның негізгі мақсаты – көше бойындағы көрнекті жерлерде, ғимараттар мен мекемелерде жазылған жарнамалардың, атаулардың қазақ тілінде дұрыс жазылуына, сондай-ақ олардың эстетикалық тұрғыдан көркем болуына бақылау жасау және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Акция Қазығұрт ауданының С.Ракимов ауыл округі бойындағы нысандарда жүзеге асырылып, ұйымдастырушылар қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған бірнеше маңызды шараларды қолға алды. Бұл шаралар барысында көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, сондай-ақ коммерциялық нысандардың атаулары «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарға сәйкес дұрыстығын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акция кезінде ағарған немесе тозған жазбаларға, тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауына, қате жазылған сөздерге және басқа да қателіктерге ерекше назар аударылды. Тұрғындарға бұл мәселелердің маңыздылығы түсіндіріліп, қазақ тілінің қолданылу сапасын арттыру мақсатында жарнама мәтіндерін түзету қажеттілігі туралы ескертулер берілді. Жергілікті мекемелер мен бизнес нысандарының жауаптыларына қазақ тілінде сауатты жазуды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.

Құрметті аудан тұрғындары! Біз бәріміз үшін, әсіресе тілдің тазалығын сақтау және оның қоғамдық өмірдегі орнын нығайту мақсатында, сауатты жарнамалар мен мәтіндердің қажеттілігі аса маңызды. Көшелеріміздің көрнекті жерлеріндегі ғимараттар мен мекемелердегі атаулардың дұрыс жазылуы, кафелерде, шайханалар мен сауда орындарында ас мәзірі мен касса аппаратының мемлекеттік тілде сауатты жазылуы үшін барлығымыз белсенділік танытайық. Бірлесе отырып, тілдің қадір-қасиетін сақтаймыз және болашақ ұрпаққа оны дұрыс пайдалануды үйретеміз!

Қатысты жаңалықтар

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАНДА «ҰМАЙ АНА» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҒАСЫРЛАРМЕН ҮНДЕСКЕН – ДОМБЫРА

azatmedia

«КҮМІС ДОМБЫРА»: АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ АЙТЫС ӨТТІ

azatmedia