Мәдениет

Ауыл клубының жұмысы жанданды

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінің клубы карантин режимінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Бірлік ауылдық округінің клубы төтенше жағдайға дейін әлемнің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына орай «Тарих айнасы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ еркітілер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ел үшін еңбек жаса ерінбестен» атты жастар арасында дөңгелек өткізілді.

Жалпы Бірлік ауылдық округінің клубында бірқатар үйірмелер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, домбыра үйірмесі, көркем сөз үйірмесі, қолөнер үйірмесі, би үйірмесі, әжелер тобы қызмет етеді.

Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап жұмыс тәртібі онлайн жүйесіне көшті. Осыған байланысты клуб өнерпаздары онлайн іс-шаралар ұйымдастыруда. Қазіргі таңға дейін клуб өнерпаздары ауыл тұрғындарының көңіл-күйін көтеру мақсатында онлайн концерттерді өткізуде. ​

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде ауыл тұрғындарына карантиндік режимін түсіндіру жұмыстары дыбыс күшейткіш арқылы тұрақты түрде хабарландыруда. ​ ​ ​

Қатысты жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕЙТІН БАЙҚАУ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИДІҢ «ДИУАНИ ХИКМЕТ» КІТАБЫНЫҢ КӨНЕ ҚОЛЖАЗБАСЫ ТАБЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ҮЙЛЕРІН БЕЗЕНДІРГЕН

azatmedia

Пікір қалдыру