Ақпарат

САУРАН АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Сауран ауданы, Майдантал ауылында мүмкіндігі шектеулі жан баспаналы болды. Игі іске ауыл жастары мен жеке кәсіпкерлер ұйытқы болған. Ауыл халқының ауызбіршілігі мен ізгілігінің көрінісіне айналған бұл шара ел ішінде үлкен қолдауға ие болды.

Қайырымдылық іс-шарасына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, елдің бірлігін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Арслан Рахматуллаев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар шараның куәсі болды.

І топ мүгедектігі бар Биғайша мен Ақайша Битұрсыноваларға жаңа үй қажетті тұрмыстық заттармен толық қамтамасыз етіліп, табысталды. Жиынға қатысқан ауыл ақсақалдары жастардың бастамасына ақ батасын беріп, осындай игі істердің жалғаса беруіне тілектестігін білдірді.

Қатысты жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА БИЫЛ 4 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АУМАҚҚА ЕГІН ЕГІЛГЕН

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

azatmedia

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia