Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылғы 1–15 тамыз аралығында ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылардың онлайн-фестивалі өтеді.

Фестивалдің мақсаты – ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, рухани байланыстарды кеңейту, композитор шығармаларын дәріптеу, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемге таныту.

Аталған онлайн-фестивальге қатысушылар композитордың кез келген әнін өз тілінде немесе қазақ тілінде орындап, HD форматта түсірілген сапалы бейнежазба мен MP3 форматындағы нұсқасын shym_madeniet@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қатысушылардың бейне материалдарын пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

Фестиваль қорытындысы бойынша телевизиялық нұсқада концерттік бағдарлама дайындалып, телеарналардан беріледі. Үздік қатысушылар алғыс хатқа ие болады және 2021-2022 жылдар аралығында карантин режимі аяқталғаннан кейін шақырушы тараптың есебінен Шымкент (Қазақстан) қаласында өтетін халықаралық іс-шараларға шақырылады.

Айта кетейік, фестивалді ТМД қатысушы елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры мен Қазақстан Республикасындағы Росынтымақтастық өкілдігінің қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігі мен Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia

Асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

azatmedia

Пікір қалдыру