Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 1000 ТОННАДАН АСТАМ НАН ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕДІ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Іссапар барысында шаһар басшысы «Ақ Жол Фудс» ЖШС-ң өндірістік әлеуетін көріп, өндіріс процесі мен инфрақұрылыммен қамтылу барысын бақылады.

Бүгінде кәсіпорын жылына 1000 тоннадан астам нан өнімдерін өндірумен қатар, ет өнімдерін атап айтқанда, шұжық және жартылай ысталған ет өнімдерін дайындаумен айналысады. Түркістан қаласында орналасқан бұл өндіріс орны бүгінде 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Өндірістік нысандарды аралау барысында қала әкімі кәсіп иелерімен пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, жергілікті өнімдердің сапасын арттыру мен өндіріс ауқымын кеңейтуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АҚПАРАТ САЛАСЫ МАЙТАЛМАНДАРЫМЕН СЫР СҰХБАТ ӨТТІ

azatmedia

СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАЛУДА

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

azatmedia