Спорт

Қазақстан чемпионы – Қазығұрт командасы! 

Жамбыл облысының Тараз қаласында Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен 2007-08, 2009-10, 2011-12 және 2012-13 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында өткен волейболдан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл ауқымды турнир еліміздің әр өңірінен келген үздік командалар арасындағы шынайы тартыстың алаңына айналды. Көпкүндік дода барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.

Сол жарыста ерекше көзге түскен, шеберлігімен дараланған Қазығұрт командасы барлық қарсыластарынан озып, финалда сенімді жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды! Бұл жетістік – ұзақ уақыттық дайындықтың, бір-біріне деген сенімнің, және берік командалық ынтымақтың нәтижесі. Қазығұрт ойыншылары тек техникалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да мықты екенін дәлелдеді.

Бұл жеңіс – тек бір команданың емес, бүкіл елдің мерейін үстем еткен үлкен жетістік. Сіздер – біздің мақтанышымыз, еліміздің жарқын болашағын қалыптастыратын нағыз спорт батырларысыздар! 🇰🇿

 Алдағы уақытта халықаралық және әлемдік деңгейдегі жарыстарда да Қазығұрт командасының атын биіктен көріп, жаңа белестерді бағындыра беретініне сенеміз! Жеңіс жолы жалғаса берсін!

Қатысты жаңалықтар

XVI чемпионат Азии: Шымкент принимает крупнейшие соревнования по стрельбе

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

Қазығұрт ауданында Конституция күніне орай мәдени-спорттық шаралар өтті

azatmedia