Келес ауданының Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл игілікті іс аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Тазалық шараларының басты мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.
Атап айтқанда, Ескіқорған елді мекенінде орналасқан Б.Қонысбаев атындағы кеден бекеті мен оған іргелес елді мекендер — Ескіқорған, Бозсу, Қияжол және Ғ.Мұратбаев ауылдарындағы көше жолдары мен қоғамдық орындарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл елді мекендерде күнделікті тұрмыс қалдықтарының жинақталуы мен экологиялық мәселелерді шешу үшін арнайы шаралар қабылданды.
Іс-шараға 50-ден астам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған азаматтар мен мекеме қызметкерлері жұмылдырылып, аумақтар қоқыстан толық тазартып, экологиялық тәртіп қалпына келтірілді. Жұмысшылар тұрғын үйлердің айналасын, көше жолдарын, қоғамдық орындарды және аулаларды тазалауды ерекше назарда ұстап, аймақтың жалпы көркін жақсартуға атсалысты.
Тазалық акциясы барысында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында екі бірдей заңсыз қоқыс полигонының көзі жойылды. Бұл қоқыс орындары бұрын экологиялық апатқа себеп болған, алайда оларды жоюмен аймақтың табиғи жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қоқыс полигондарын жоюдың нәтижесінде, тұрғындардың тұрмыс жағдайы да айтарлықтай оңалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Тазалық жұмыстары тек уақытша емес, тұрақты түрде жүргізілетін шаралар болып қалмақ. Сонымен қатар, ауданның басқа да аумақтарында экологиялық тазалықты сақтау және қорғау бойынша ұқсас жобалар іске асырылатын болады. Алдағы уақытта экологиялық мәселелерді шешуде жергілікті тұрғындар да белсенді түрде қатысатын болады, бұл өз кезегінде өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.