Ақпарат

Коронавирусты мысыққа арналған дәрі-дәрмек жеңуі мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина

Канадалық биологтар бұл дәрімен мысықтағы вирустық перитонитті емдеген екен. Олардың айтуынша, вирустық перитонитті емдеуге арналған GC376 пен GC373 дәрісінің коронавирусты басып, адамзатқа әкелер пайдасы зор екені анықтады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы, REN TV-ге сілтеме жасап.

Nature Communications-тің мәліметінше, осы дәрі вирустың негізгі ақуыздарының бірін басып, оның денеде көбеюіне жол бермейтін көрінеді. Осыған сенімді болу үшін препаратқа әлі де клиникалық зерттеулер жүргізу қажет.

Әзірге зерттеушілер коронавирусқа әсер етуі мүмкін деген бірнеше дәріні анықтады. Олар: фавипиравир, ремдесивир, интерферон-2-альфа рекомбинантты ақуыз. Әрине, олар тұмау, эбола, С гепатитімен күресуге арналған. Алайда, коронавирусқа да қарсы тұра алатынын көрсетуде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

Коронавирусқа қарсы иммунитетті қалай көтеруге болады – ғалым жауап берді

azatmedia

Пікір қалдыру