Ақпарат

ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала активін жинап, қалалық полиция басқармасының жаңа басшысы – Нысанбаев Жасұлан Қаржаубайұлын таныстырды.
Активке Түркістан облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағлан Есембекұлы, Түркістан қаласының прокуроры Каукен Бахытбайұлы, Қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Амантайұлы және мәслихат депутаттары мен аумақтық басқарма басшылары, дербес бөлім басшылар мен оған қарасты мекеме басшылары қатысты.
Нұрлан Жақыпұлы 2 жылға жуық Түркістан қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қала тұрғындарына қауіпсіз орта жасауда, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азамат ретінде, «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ал жаңадан тағайындалған Жасұлан Қаржаубайұлына қала әкімі сәттілік тілеп:
«Алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе, тығыз жұмыс жасауыңыз қажет. Жүктелетін міндет пен жауапкершілік ауқымды. Мемлекет Басышысының тапсырмасы аясында қаламыздың тұрғындарына қауіпсіз жайлы орта жасау концепциясын іске асыруымыз қажет. Сонымен қатар, келесі жылы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы қабылданып, іске асырылатын болады. Осы Заң жобасы негізінде қаламыздың тұрғындарымен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қала тұрғындарының тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру, қалада құқық бұзушылық, қылмыс, нашақорлық, зорлық-зомбылық, алаяқтықтың алдын-алу бағытында Өзіңіз басқаратын ұжыммен бірге жауапкершілікпен атқару қажет. ​Бұл облыс орталығы және Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени-рухани астанасы ретінде жауапты қызмет. Бірлесе Елге қызмет етуіміз керек.» – деп атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

«САЛАУАТТЫ САНА»: САУРАНДА ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ 5 КЕСЕЛМЕН КҮРЕС ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

azatmedia

Ақын жігіт президент алдында елдегі «былықтарды» өлеңмен жайып салды (видео)

azatmedia

Нағыз еңбек адамы – ел ішінде

azatmedia