Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы №2 көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама аясында ғимараттың сыртқы қасбеті мен инженерлік жүйелерді жаңарту және жалпы пайдалану орындарын қайта жаңғырту жоспарланған.
Бүгінгі таңда әрлеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Мамандардың айтуынша, бұл үйдің су, жылу және электр желілері де толықтай ауыстырылып, заманауи талаптарға сәйкестендірілуде.
Тұрғындар жөндеу жұмыстарына жоғары баға беріп, көп жылдан бері шешілмей келген мәселелердің оң шешімін тапқанына ризашылық білдіруде.
Бұл бастама — ауылдың инфрақұрылымын дамыта түспек. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, тұрғындардың өмір сүру сапасы артып, үйдің пайдалану мерзімі ұзарады. Сонымен қатар, бұл шара тұрғын үй қорын сақтап қалуға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша 383 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 345-і ауылдарда орналасқан. Бүгінгі таңға дейін 288 көпқабатты тұрғын үй толығымен жаңғыртылған.
Жаңғырту бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алдағы жылдары қалған тұрғын үйлерді де жөндеу жоспарға енгізілген.
Бағдарлама шеңберінде тек құрылыс жұмыстары емес, сонымен қатар аулаларды абаттандыру, балалар және спорт алаңшаларын орнату мәселелері де қарастырылуда.