Ақпарат

Диетолог жүрекке пайдалы 9 өнімді атады

Чеснок

Диетолог Фатма Байсал Юсуф жүректің жұмысын жақсартатын тоғыз өнімді атады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап

Портал мәліметінше, жүректің жұмысын жақсартатын пайдалы өнім сарымсақ болып шыққан. Диетологтың сөзінше, ол қан тамырларына әсер етеді және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайтады. Маман күніне бір түйір сарымсақ жеп тұрған дұрыс екенін айтқан.

Балық пен балық майы қан ұюының алдын алады және құрамындағы омега-3 май қышқылы жоғары антиоксидантты қасиеттерге бай. Дәрігер буда немесе грильде пісірілген балықты тұтынуды ұсынды. 

Грек жаңғағы және орман жаңғағы да (фундук) омега-3 пен Е дәруменіне бай. Диетологтың сөзінше, аптасына 6-7 орман жаңғағы мен 2-3 грек жаңғағын жеп тұрған дұрыс. 

Сондай-ақ, жүректің жақсы жұмыс істеуіне зығыр тұқымдары, сұлы, қара бидай және бидай ұны мен көк шай да себеп болады.  

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТОҒЫЗ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСАДЫ

azatmedia

Кедергісіз орта құру – уақыт талабы

azatmedia

Пікір қалдыру