Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ЖУЫРДА ЗАМАНАУИ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан қаласында мәдениет саласын дамыту және тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы бүгінде 90 пайызға аяқталған.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралау барысында мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта 500 орынға арналған көрермен залы бар заманауи мәдениет үйін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мәдениет үйінің ішкі инфрақұрылымы заманауи стандарттарға сай жабдықталады. Мұнда көрермен залына қоса, би, театр, қолөнер үйірмелеріне арналған студиялар мен оқу сыныптары болады.
Сондай-ақ, дыбыс және жарық жүйелері халықаралық талаптарға сай орнатылады, бұл мәдени-көпшілік іс-шараларды жоғары сапада өткізуге мүмкіндік береді.

Шаһар басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтап, қауіпсіздік пен техникалық талаптар бойынша кемшіліктерді түзетуді тапсырды.

Әзімбек Пазылбекұлы мәдениет үйінің тек ғимарат қана емес, руханият пен өнердің ордасына айналуы тиіс екенін атап өтті. Ол бұл нысанның қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға серпін беретінін айтты.
Сонымен қатар, болашақта бұл ғимарат аймақта өтетін республикалық және халықаралық мәдени шаралардың негізгі алаңына айналуы мүмкін.

Қатысты жаңалықтар

Түркістандық кәсіпкер 7000-нан астам алма ағашын өсіріп жатыр

azatmedia

САРЫАҒАШ: ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

azatmedia

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

azatmedia