Ақпарат

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКА КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Арыс қаласында, «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техникалар табысталды. Салтанатты шараның басты мақсаты – қаланың инфрақұрылымын жаңарту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру және қала экологиясын жақсартуға үлес қосу болды. Бұл шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, сала мамандарына жаңа техниканың кілттерін табыстап, оларды құттықтап, жақсы тілектерін жеткізді. Өз сөзінде қала басшысы еңбек адамдарының еңбегін ерекше атап өтіп, олардың қаланың көркеюі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қосқан баға жетпес үлесін жоғары бағалады.

Жаңадан алынған техникалар қатарында – 6 дана МТЗ-82 тракторы бар. Бұл тракторлар қала аумағы мен оның айналасындағы елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтауға арналған. Тракторлардың қосымша жабдықтары қар тазалау, жол сыпыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеу сияқты көпфункциялы жұмыстарды атқара алады. Бұл техникалар коммуналдық жұмыстардың тиімділігін арттырып, қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта тағы да 2 жүк тиегіш пен 6 трицикл әкелінуде. Бұл көліктер қаланың тазалық деңгейін арттыруға, жұмысшылардың еңбек өнімділігін жоғарылатуға, сонымен бірге олардың қызметін жеңілдетуге бағытталған. Жаңа техниканың көмегімен қаладағы әрбір жұмысшы өз міндетін тиімді әрі жылдам орындауға мүмкіндік алады, бұл жалпы тазалық жұмыстарының сапасын арттырады.

Жаңа техникалар тек қана қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға емес, сонымен қатар санитарлық талаптарды сақтау жұмыстарын барынша тиімді жүргізуге, қоғамдық көліктердің қозғалысын жеңілдетуге және халықтың өмір сүру сапасын көтеруге мол үлес қосатыны сөзсіз. Бұл бастама қаладағы қоғамның барлық салаларында үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға жол ашады және еңбек өнімділігін арттырып, елдің дамуына елеулі әсер етеді.

Бұл шара Арыс қаласының таза, көрікті әрі тұрғындарына қолайлы болуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАР 200 МЫҢНАН АСТАМ ОҚЫРМАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҮШБҰЛАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР АЛЛЕЯСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

azatmedia

САРЫАҒАШ: ЖЫЛ САЙЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

azatmedia