Ақпарат

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де – Ұстаз

Ұстаз қашаннан адам жанына жылу беріп, санасына сәуле түсіретін тұлға. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген құрмет қашан да ерекше. Осы ретте «Еңбек адамы» атты тұрақты айдарымызды келесі кезекте ұстаз Юлдашева Гульбахар Абибуллақызы өрбітуді жөн көрдік.Кейіпкеріміз 1966 жылы 27 маусымда Түркістан қаласында дүниеге келген.1973 жылы Түркістан қаласындағы Калинин (қазіргі №2 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебі) мектебінің табалдырығын аттап, аталған мектепті 1983 жылы «Үздік» аттесттатпен аяқтаған.Білімін жетілдіру мақсатында 1984-1989 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасындағы Низами атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтында «Өзбек тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып шыққан.Еңбек жолын 1984 жылы өзі түлеп шыққан қазіргі №2 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебінде аға тәлімгер міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылданып, 1989 жылы «Өзбек тілі мен әдебиеті пәні» мұғалімі болып ауыстырылды.2012-2019 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.Қазіргі таңда осы білім ордасында шәкірттеріне дәріс беріп, «Өзбек тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі болып өз жұмысын жалғастыруда.Кейіпкеріміз оқу үдерісінің тиімділігін арттыру жолында үнемі ізденісте жүріп, заман талабына сай озық оқыту технологияларын, жаңашыл әдістемелерді тиімді қолданып келеді. Сол жолда 2023 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырзаның жеке қабылдауында болған.Сондай-ақ, еңбек еткен жылдарында білікті ұстазымыз қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында көптеген жетістіктерге де жеткен.Қол жеткізген жетістіктеріне келер болсақ,:- 2017 жылы «Білім беру ісінің үздігі» медалі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Өнегелі азамат» төсбелгісімен;- 2020 жылы «Қоғам жанкүйері» медалі мен Қазақстандағы өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлерін, ұлтаралық татулығын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін «Дўстлик» медалімен;.- 2023 жылы «Еңбек ардагері» медалімен;- 2023 жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен;- 2023-2024 жылдары қалалық білім бөлімінің Мадақтамасымен;- 2024 жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет дипломымен және Түркістан облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталған.Сонымен қатар ұстаздар арасындағы түрлі байқауларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінген. Атап айтсақ:2024 жылы «Педагогикалық дуэт» қалалық байқауында – І орын алса, облыстық байқауында – ІІ орын иегері атанған.Мақаламызды қорытындылай келе, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған кейіпкерімізге Түркістан облыстық Кәсіподақтар орталығының атынан зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне сәттілік, жұмысына табыс тілейміз!   

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: 90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

azatmedia