Ақпарат

АРМАН АБДУЛЛАЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНУ ҚАТАҢ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен бюджеттік комиссияның маңызды отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары және дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу» мәселесі талқыланды. Отырыста аудандық бөлімдер мен мекемелердің бюджеттік өтінімдері мен қаржылық қажеттіліктері егжей-тегжейлі қаралды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев баяндамасында мемлекеттік қаражаттың әр теңгесінің тиімді жұмсалуына ерекше назар аударды. Ол:
— «Мемлекеттік қаражаттың әр теңгесі тиімді жұмсалып, ашық әрі әділ тетіктермен бөлінуі қажет. Бұл — заң талабы ғана емес, сонымен қатар ел алдындағы үлкен жауапкершілік» — деп атап өтті.

Комиссия отырысында бюджет қаражатын қажет ететін барлық шығыстар мұқият пысықталды. Әр сала басшысына бюджет қаржысын мақсатты түрде және заң талаптары аясында игеру қатаң тапсырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу үдерісін бақылау және оның ашықтығын қамтамасыз ету міндеті аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловқа жүктелді.

Осылайша, аудан бюджетін тиімді басқару мен қаржыны заңға сәйкес пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Қатысты жаңалықтар

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БІРЛІК – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

azatmedia

ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР ТОҒАНДАРДА 80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

azatmedia

«Тікелей хабарласыңыз»: Аймағамбетов білім басқармасы басшыларының телефон нөмірін жариялады

azatmedia