Ақпарат

ТҮЛКІБАСТА МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫНДА БЮДЖЕТ КІРІСІН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түлкібас ауданы бюджетінің кіріс көздерін арттыру – жергілікті дамудың негізгі тірегі.

Бүгінде Түлкібас ауданының жергілікті бюджетінің басым бөлігін мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылығы субъектілері, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер есебінен түсетін түсімдер құрайды.

Осыған орай бүгін аудан әкімі Ас0ар Естібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, салық төлеушілерді толық тіркеу, аудан аумағындағы мүлікті түгендеу және қайта бағалау жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Н.Елчибаев баяндама жасап, басқарманың 2025 жылға арналған бюджет жоспары мен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын таныстырды.

Аудан әкімі Асқар Естібаев баяндаманы тыңдай келе, кірістер басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, салық түсімін ұлғайту, кіріс көздерін нақтылау және жоспарлы жұмыстарды жедел жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе — орман және дала өрттерінің алдын алу, олармен күрес шаралары және шомылу маусымындағы қауіпсіздік талаптары төңірегінде болды. Бұл жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері М.Қазыбек баяндама жасап, бүгінгі күнге дейін жүргізілген алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жөнінде мәлімет берді.Баяндамашы аудандағы өртке қауіпті аймақтарда кезекшілік ұйымдастырылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, суға шомылу маусымы кезінде қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы рейдтік топтар құрылып, демалыс аймақтарында қауіпсіздік белгілері орнатылғанын жеткізді.

Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын айтып, тұрғындар арасында түсіндіру және сақтық шараларын күшейтуді, жауапты мекемелермен бірлесе тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, орман, дала өрттерінің алдын алу мақсатында барлық жауапты мекемлерге тәулігіне 24 кезекшілікті ұйымдастыру, шаруаларға егін алқаптарына минералды жолақтарды жүргізу және басқа да өрт қауіпсіздік шараларын түсіндіруді күшейту керектігін ескертті.

Шомылуға тиым салынған жерлердегі тақтайшаларды түгендеп, демалыс орындарында құтқарушылардың болуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ 703 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ДӘРІЛЕНДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ЕСКЕКШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

azatmedia