Ақпарат

Кентау: «Қарнақ-Шекербұлақ бауырлас ауылдар» тақырыбында ауқымды іс шара ұйымдастырылды

Кентау қаласының әкімдігі мен Сауран ауданының әкімдігі және облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесіп «Қарнақ-Шекербұлақ бауырлас ауылдар» тақырыбында Қарнақ ауылында ауқымды іс шара ұйымдастырылды. Іс шараға Кентау қаласы мен Сауран ауданының әкімі және зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен жастар қатысты. Іс шараның мақсаты Қарнақ және Шекербұлақ ауыл тұрғындарының даостық қарым-қатынасын нығайту, жастарды татулыққа, бірлікке шақыру. Аталған іс шаралар этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал етті. 

Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында БАҚ-қа және интернет ресурстарда – 210 жарияланым, оның ішінде 32 облыстық және 178-аудандық деңгейде жарияланған. 

Жақында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық өкілдігімен бірлесіп зағип жандардың қатысуымен демеушілерді тарта отырып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінде әкелер кеңесцмен бірлесіп «Өнегелі әке» байқауы өтті. «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында  аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс шара өтті. Ішкі саясат  бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық өкілдігінің ұйымдастыруымен тарихи орындарға саяхат ұйымдастырылды. Зағип жандар Үкаша ата кесенесіне зиярат етіп, кесене тарихымен танысты. Аудандағы діни тұрақтылықты сақтау мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 

Ресми статистикаға сүйенсек, Түркістан облысының халқының ұлттық құрамы бойынша: 76%-ын қазақтар, 17%-ын өзбектер, 1,8%-ын тәжіктер, 1,7%-ын орыстар, ал қалған 3,7%-ын басқа да этностар құрайды. Өңіріміздегі ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен бірлікті нығайту мақсатында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 12 этномәдени бірлестік және олардың аудандар мен қалаларда 7 филиалы және 14 өкілдіктері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер жанында 10 жастар қанаты, 2 жексенбілік мектеп және 8 Аналар кеңесі бар. Этномәдени бірлестіктер өңірдің қоғамдық жұмыстары мен қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысады.

Этнос өкілдері Түркістан (өзбек, түрік), Кентау (өзбек, татар) қалалары мен Сайрам (өзбек, түрік, күрді).Төлеби (өзбек, түрік, күрді), Сарыағаш (өзбек, тәжік, әзірбайжан, татар), Мақтаарал (өзбек, тәжік, әзірбайжан, түрік), Жетісай (өзбек, тәжік) аудандарда жинақы шоғырланған. Көптеген этностар қазақ жеріне 1940 жылдары ҰОС кезінде жер аударылған. Өзбек этносы ХІ-ХҮІІІ ғасырдан бері қазақ жеріне қоныстануды бастаса, тәжік этностары Кеңес дәуірінен бастап көшіп келе бастаған. Олар егіншілікке, шаруашылыққа ыңғайлы жерлерге қоныстанған. Олардың біздің Атамекенімізге қоныс аудару себептерін көпшілік жақсы біледі. Сталиндік қуғын-сүргіннің салдарынан туған жерлерінен үдере көшкен олардың өмірі аса ауыр болды.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілімізге деген құрметі этносаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтардың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Осыған орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктері тілге деген белсенділігін танытуда. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің маңыздылығы ерекше.

Бүгінгі күні қазақ тілінің өзінің мемлекеттік биік мәртебесіне лайық деңгейде қызмет атқару қажеттілігі – заман талабынан туып отыр. Осыған орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында «Қазақ тілі» курсы орталығы ұйымдастырылды. «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік орталығында тілді үйретуге білікті мамандар тартылған. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Курста оқытудың басым әдісі – коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілдің бірнеше себептері бар. Біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту – оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған, сондықтан ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді. Екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес.

Тіл үйренуші грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана оқу мен жазуды үйренеді. Курста ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр. Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту ұсынылған. Тіл үйренушілердің қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп сөйлеуге, бірінің пікірін бірі қадірлеуге, өзіндік және өзара бағалауға, сөзді ойын арқылы жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология, интерактивті оқыту негізінде ұйымдастыру мен сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары қолданылған. Бұл өз тиімділігін көрсетуде.

Жалпы Қазақстан халқының дініне, діліне, тіліне қарамай іштей біртұтас қоғамдық құрылым болуға топтасуы үрдісінің табысты болуы, оның болашағы – дүниетанымдағы құндылықтық және психологиялық бағдарының ұтымды таңдалуына, өрбуіне байланысты екені даусыз.

Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 29 жыл толып отыр. Ассамблея біздің халқымыздың, елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің басын қосатын, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті арттыруға қызмет жасап жүрген ұйым.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістіктерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Түрлі этнос өкілдері тұрып жатқан елде ауызбіршілік пен татулықтың болуы – осындай институттардың сәтті жемісі.

Біздің ел ең алдымен тыныштығымен, бейбіт өмірімен мақтанады. Елбасының ел мен туған жер үшін сіңіріп жатқан еңбегі ерен. Елбасының салиқалы саясаты және салып берген даңғыл жолының арқасында біз – өзге этнос өкілдері бір үйдің балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл өз жалғасын тауып, мәңгілікке ұласса деген тілегім бар.

Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Бізге керегі – мызғымас бірлік. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Елбасы көп ұлтты Қазақстанда 100-ден астам этностар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында ерекше атап өтеді.

Қатысты жаңалықтар

Су тасқыны кезінде қандай әрекет жасау керек?

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

azatmedia

ДАЛА МЕРЕКЕСІ: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia