Ақпарат

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздардың орны қашанда ерекше. Осы орайда ұстаздардың ұстазы, бар ғұмырларын ғылымға, шәкірт тәрбиелеуге арнаған, ұстаз мамандығының қасиеттілігін ұғындырып, білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы, ардагер ұстаздарға кәсіби мерекелері Ұстаздар күніне орай Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың АЛҒЫС ХАТЫ жолданды. Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері: Кентау қаласы, Қарнақ ауылы М. Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицейінің, «Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінің, Ақын тұма №11 жалпы білім беретін мектебінің білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетілді. Осындай ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы көпке үлгі –өнеге. Ұстаздық тәжірибесінде мыңдаған шәкірттерді білім баспалдағымен шыңға өрлеткен парасатты ұстаздарымыз ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. «Министрге рахмет! Біз зейнеткер ұстаздарды елеусіз қалдырмай құттықтағаны үшін», – деп өз алғыстарын білдіріп, марапатталған ұстаздардың қуаныштарында шек болмады. Жиынға келген ұстаздардың Алғысын есту, жүздеріндегі қуанышты көру біз үшін бақыт.

Қатысты жаңалықтар

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ҮШІН ІС-ҚИМЫЛ КҮНІНЕ ОРАЙ КӘСІПОДАҚ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ЕҢБЕК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

azatmedia

ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛДАДЫ

azatmedia