Ақпарат

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың бір бөлігі жұмыссыздық мәселесін көтерсе, бірқатары әлеуметтік мәселелерін жеткізді.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдады. Әр өтініш бақылауда болып, аяқсыз қалмайтынын атап өтті. Ал жұмыс сұрап келген азаматтардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, Құмкент ауылынан келген ауыл ақсақалдары ескі әкімдік ғимаратынан «Дәстүрлі ән айту» мектебін ашу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді. Ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кейін ауыл қарияларына арналған орталық ашу мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді.

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Сейдахметұлы, сондай-ақ бөлім, мекеме басшылары қатысты. 

Қатысты жаңалықтар

КЕНТАУДА 300-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН

azatmedia

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады?

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚОСАЛҚЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia