Ақпарат

КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін, Түркістан қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 10 – қазан Кәсіподақтар күні мерекесі атап өтілді. Мерекелік шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі , төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, салалық комитет және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты. Жиында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, өңірлік кәсіподақтың биылғы жылғы атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне қысқаша шолу жасап, осынау мерейлі мереке қарсаңында кәсіподақ мүшелерінің қажырлы еңбегі мен жұмыс жағдайларын оңтайлы етудегі қызметтері үшін алғысын білдіре отырып, кәсіподақ белсенділерін Кәсіподақтар күні мерекесімен шын жүректен құттықтады. Жиын әрі қарай марапаттаумен жалғасып, онда еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін салалық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен марапатталса, бірқатар азаматтарға Кәсіподақтар федерациясының, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді. Бұдан басқа, шара барысында салалық кәсіподақ төрағалары мен бірқатар марапат иелері құттықтау сөз сөйлеп, осы іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Жиынды қорытындылаған салалық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла барша марапат иелерін марапаттарымен тағы да құттықтап, оларға еңбекте табысты бола берулерін тіледі.

Қатысты жаңалықтар

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

azatmedia

«Халық қарғысы» деген медаль шығарып, тарату керек» – журналист

azatmedia