Сайрам ауданы әкімдігіне қарасты Арыс және Көлкент ауыл округтері әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.
Аталған кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Ж.Битанов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, дін саласындағы өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих және әдебиет пәнінің мұғалімдері, этнос жастары қатысты.
Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Азаматтылық түсінігі және патриотизм», «Азаматтық бірегейлік діни тұрғыда» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтыды.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Келесі жаңалық