Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтың тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы құрылыс басқармасы мен «Отбасы банк» АҚ-ның мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 2025 жылғы кредиттік тұрғын үйлерді сату тәртібін түсіндіру мақсатында арнайы кездесу іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шаралар 2025 жылдың 11-18 маусым аралығында «Отбасы банк» АҚ Сарыағаш аудандық филиалы және Сарыағаш ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі.
Кездесу барысында тұрғындарға:
• Кредиттік тұрғын үй алуға өтінім беру тәртібі;
• Бағдарлама талаптары мен шарттары;
• Электронды кезек жүйесі мен қатысу критерийлері;
• Қаржыландыру механизмдері мен алғашқы жарна туралы ақпараттар түсіндіріледі.
Осыған орай, тұрғын үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарын аталған кездесулерге белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуыңызға болады. Толық ақпарат қосымша кестеде көрсетілген.