Ақпарат

Қазығұртта әлеуметтік көмек

Әлеуметтік көмек

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауыл округінде 2019 жылы 263 азаматқа атаулы әлеуметтік тағайындалып, жалпы соммасы 78,117 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Атап айтқанда, шартты ақшалай көмек 249 азаматқа 73,132 миллион теңге, шартсыз ақшалай көмек 14 азаматқа 4985 миллион теңге қарастырылған. Ал 2020 жылы 37 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалып, мемлекет тарапынан жалпы соммасы 3 миллион 540 мың 6 теңге бөлінген. Оның ішінде шартты ақшалай көмек ретінде 35 азаматқа 3 миллион 355 489 теңге, шартсыз ақшалай көмек ретінде 2 азаматқа 184 517 теңге қарастырылған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған ауыл округіндегі қоғамдық жұмыспен қамтылған азаматтар Қазығұрт-Шарбұлақ, Шарбұлақ-Ақбастау жол бойындағы көктемгі жауған қардан сынған ағаш бұтақтарын, қураған талдарды қырқып, тазалауда, осы жол бойындағы ағаштардың түптерін әктеп, жантақтарын шабуда қызмет атқарып келе жатыр. Сонымен қатар, ауыл округіндегі ішкі көшелердің тазалығын күнделікті қадағалап келеді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕРПІН БЕРДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІНДЕ ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗ БАЛЛОНДЫ ТОЛТЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру