Ақпарат

САУРАН: ШОРНАҚТА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2025 жылдың І жартыжылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердалы Баймұратов жылдың негізгі нәтижелері мен атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді.Бердалы Баймұратов өз сөзінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, инфрақұрылымдық мәселелер мен тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында қолға алынған бастамаларды баяндады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығына 1,8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, жаңбырлатып суғару технологиялары енгізілді, техникалар жаңартылды. Салықтық түсімдер жоспардан асыра орындалып, 51 отбасыға әлеуметтік және демеушілік көмек көрсетілді. Қосмезгіл, Шорнақ, Аша елді мекендерінде тас төсеу, жарықтандыру, спорт және ойын алаңдарын жөндеу, көшет отырғызу, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, округ бойынша 374 жас әскер қатарына шақырылып, олардың бір бөлігі әскери борышын өтеуге аттанды.Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров округтің жетістіктеріне оң бағасын беріп, алдағы уақытта да тұрғындар өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Кездесу соңында тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, аудан басшысы оларды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Еңбек дегеніңіз – қозғалыс

azatmedia

АРЫСТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ» АТТЫ ЭТНОКВЕСТКЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

azatmedia