Ақпарат

КЕЛЕС: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласындағы белгіленген индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы және Ұлттық ауыл шаруашылығы санақтарына дайындық мәселесіне арналған мәжіліс өтті.Жиынның күн тәртібінде бірінші болып ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Өмірсерік Алтынбаев баяндама жасады. Ол аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі, мал және егін шаруашылығы, субсидиялау және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәлімет беріп, белгіленген индикаторлар мен межелердің орындалу барысына тоқталды.Аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын еске сала отырып, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен салаға жауапты бөлім мамандарына биылғы жылға арналған индикаторлық көрсеткіштердің толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының даму көрсеткіштері ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіміне тікелей әсер ететінін атап өтті.Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санақтарын ұйымдастыру және өткізу бойынша аудандық статистика басқармасының басшысы Мейірбек Тажибаев баяндама жасады. Ол алдағы санақтың маңыздылығына тоқталып, оның нәтижелері елдегі ауыл шаруашылығы саясатын жетілдіру мен мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді жоспарлау үшін аса қажет екенін атап өтті. Сонымен бірге, санақтың сапалы әрі уақтылы өтуін қамтамасыз ету бағытында нақты ұсыныстар берілді.Жиын қорытындысы бойынша салаға жауапты мамандарға нақты міндеттемелер жүктеліп, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАТЫН «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫН» ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТАРИХИ ОРЫН ТАЗАРДЫ

azatmedia