Ақпарат Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ӨЗ МЕРЕКЕЛЕРІНДЕ 4 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компаниялар Құрылысшылар күні мерекесін өте мағыналы іспен өрнектеді. Олар төрт отбасына бақыт сыйлады. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік қолдауға мұқтаж 4 отбасына баспана салып берді.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қиын жағдайда күн кешіп жүрген жандарды үймен қамтамасыз ету бастамасын көтеріп, құрылысшыларға ұсыныс жолдаған болатын. Ұсыныс қабылданып, бүгін құрылысшылардың кәсіби мерекесінде осы отбасылардың қуанышы еселенді.

– Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Ел ішінде: «Жамандық пайда етпейді, Жақсылық зая кетпейді» деген қанатты сөз бар. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Ал, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Осы өсиетке адалдық танытып, бүгінгі игі істің бастамашысы болған қаламыздағы құрылысшылар қауымына шынайы алғысымды білдіремін! – деп, мерекелік құттықтауын арнады.

Құрылысшылардың жомарт жүрегімен ұсынылған төрт баспананың кілтін жаңа иелеріне тапсырып, шаңырақтарына құт пен береке тіледі. Әр отбасыға ұсынылған үй үш бөлмеден тұрады, баспаналар қажетті жиһазбен тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген, Мерекелік жиын барысында құрылыс саласының үздіктері марапатталды.

Қатысты жаңалықтар

Балалардың көзінше төбелескен ене мен келін ел алдында ұятқа қалды (видео)

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖЫЛЫНА 400 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРМЕК

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia