Ақпарат Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті аулдық округінде тұрғындарға екпе салу 96 пайызға орындалған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінің әкімі 2021 жылдың 9 айында және  2022 жылы атқарылатын  жұмыстардың есебін берді. Ауылдық округ әкімі есеп барысында өңірде коронавирустық инфекциямен күрес бойынша атқарылған шараларға тоқталып өтті.

Өңірде Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыруда «Короновирустық инфекцияның пайда болуын және таралуын болдырмау» және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Нұсқаулықта қөрсетілген талаптардың барылығын орындау үшін тиісті  мобильді топ құрылып, іс-шаралар бекітіліп жұмыстар жүргізілген.

Мектептерді  қашықтықтан оқу жүйесіне көшіру барысында көптеген жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілген. Бұл мәселе бойынша ауыл тұрғындары мектептер мен мекемелерге шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын да жатқызуға болады.

Биылғы жылдың ақпан айынан тұрғындарды короновирустық инфекциядан қорғау және алдын алу мақсатында тұрғындарға екпе егу жұмыстары жүргізіліп отыр. Бүгінгі күнде тұрғындарға екпе салу жұмыстары 96 пайызға орындалған. Ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Ауылдық округі аумағында ойын сауық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық атаулы іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Ауыл тұрғындарына  адам көп шоғырланатын шаралардың ұйымдастырылуы тиімсіз екендігі және карантин талаптарын сақтау керектігі түсіндірілді.

Қатысты жаңалықтар

Конфессияаралық келісім – ел дамуының негізі

azatmedia

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

Жылыжай тәжірибесі оң нәтиже көрсетті

azatmedia