Ақпарат

ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бірқатар бөлімдердің алдағы атқарар жұмыстарының жоспары таныстырылды.Әсіресе, аграрлы ауданның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып экономикасын дамыту, ішкі және сыртқы қаржы көздерін тауып инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы саласында қайта өңдеу кәсіпорындарын ашумен бірге қала, кент, ауылдық округтердің санитарлық тазалықтарын жүйелендіру, бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын ұстанушылардың санын арттыру бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жұмыс жоспарлары талқыланды.Мәжілістің күн тәртібіндегі аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы атқарылар шаралардың жоспары туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев баяндама жасаса, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерқуат Тұрғынбаев жазғы ағын су беру маусымына дайындықтың барысы мен ағын су тапшылығының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар, су үнемдеу технологиясы мен зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарының ұйымдастырылуы барысына тоқталды.Сонымен қатар, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Мелдеханов бюджеттің кірістері мен шығыстарының орындалуы барысын айтты.Басқосу соңында аудан басшысы орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жойып, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Тағы 77 адамнан коронавирус анықталды

azatmedia

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «АЛПЫСБАЙДЫҢ АЛПЫС ӘЗІЛІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЗІЛКЕШТЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia