Ақпарат

КЕЛЕС: ҚОСӨТКЕЛДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жұмыс сапарымен Бірлік ауылдық округіне барып, Қосөткел елді мекенінде ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Халықты таза ауыз сумен қамту мақсатында қолға алынған бұл маңызды жобаның жобалық-сметалық құжаттары 2024 жылы сараптамадан оң қорытынды алған. Жобаны «Батыс-Алға LTD» ЖШС әзірлеген, ал құрылыс жұмыстарын «Строй жол сервис» ЖШС атқаруда. Техникалық қадағалаушы ретінде «AveNiu» ЖШС бекітілген.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталды. Қазіргі таңда ауыз су алаңын қоршау, екінші көтермелі насос станциясын орнату, әрқайсысы 200 текше метрлік екі су қоймасын салу, ішкі су желілерін тарту және ұңғыма қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 11,5 шақырымды құрайтын су құбырының бүгінде 9 шақырымы толық аяқталған.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев атқарылып жатқан жұмыстардың барысын егжей-тегжейлі қарап шығып, құрылыс сапасына ерекше назар аударды. Әкім жобаға жауапты мердігер мекеменің өкілдерінен әр кезең бойынша нақты есеп алып, кестеге сай ілгерілеу мен құрылыс талаптарының орындалуын сұрады.
Сапар барысында ол жұмысшылармен тілдесіп, пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының сапасын, қауіпсіздік талаптарының сақталуын және техникалық қадағалау деңгейін тексерді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының маусымдық ерекшеліктерге байланысты кешіктірілмеуін, жобада қарастырылған барлық инженерлік шешімдердің толық әрі сапалы жүзеге асырылуын тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ 

azatmedia

Дінде зорлық-зомбылыққа жол жоқ

azatmedia

БӘЙДІБЕК: АУДАНДА 2025 ЖЫЛҒЫ ҰЛТТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia