Ақпарат

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облыстық Мақта шаруашылығы тарихы музейінде «Қол өнерін кәсіп еткен тігінші» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Мақтаарал аграрлық колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»мамандығы бойынша білім алушы студенттері қатысты.Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай ұйымдастырылған кештің құрметті қонағы – көп жылдық еңбек өтілі бар, қолөнерді кәсіпке айналдырған шебер тігінші Ақмарал апай. Ол өз өмір жолы, тігін өнерінің қыр-сыры және қазіргі жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру жайлы ой бөлісті. Студенттермен емен-жарқын сұхбат жүргізіліп, еңбекке деген құлшынысты арттыру, ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту туралы маңызды әңгімелер қозғалды.Сексен жылдан астам тарихы бар Мақта шаруашылығы музейі – аймақтың рухани-мәдени мұрасын сақтап келе жатқан бірегей орын. Мұнда 10 мыңнан астам жәдігер сақталған. Музей үш негізгі экспозициялық бөлімнен тұрады – ежелгі дәуірден ХХ ғасырдың 30-40 жылдарына дейінгі кезең, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі, Кеңестік дәуір және Тәуелсіз Қазақстан кезеңі.Аталған іс-шара жастар арасында тігін ісі мен еңбек мамандықтарына қызығушылықты арттыруға, ұлттық қолөнердің қадірін ұғындыруға бағытталған. Осындай тағылымды кездесулер – еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақтың кәсіби тұрғыда шыңдалуына үлкен серпін берері сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

БӘЙДІБЕКТЕ 700 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

«Ұн қатты қымбаттап кетті» – тұрғындар неге алаңдауды?

azatmedia