Ақпарат

Түркістан: Жақында департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі

Түркістан

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталуға жақын нысандарды аралап көріп, мердігер компаниялардың  жауапты өкілдеріне бекітілген кестеден ауытқымауды ескертті деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ең алдымен өңір басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы  департаменттер ғимаратында болды. Нысанның бүгінде жихаздарын орналастыру жұмыстары толығымен аяқталған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 150 адам жұмылдырылып, екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған. Ғимаратты жақында пайдалануға тапсыру жоспарда.

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. Керуен сарайдың  сыртқы қасбеті және ішкі әрлеу, бөлмеаралық қыш қалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, нысан құрылысында 920 жұмысшы еңбектенуде.

Облыс әкімі заманауи үлгіде салынып жатқан Хэмптон қонақ үй кешенінің жұмыс барысын да бақылады. Қазіргі таңда қонақ үйдің конструкциясын тұрғызу, шатыр жұмыстары, қасбет, ішкі әрлеу, бөлмеаралық қабырға жұмыстары жүргізілуде. Өмірзақ Шөкеев сонымен қатар Конгресс хол, «Ұлы дала елі», драма театр мен «Rixos Turkestan» қонақ үйі және  Қ.А. Ясауи кесенесінің айналасында жүріп жатқан ауқымды жұмыс барысын тексерді.

Қатысты жаңалықтар

«Ат қорасы, моторлы яхтасы бар» – Депутат ұлттық компаниялардың шығынын сынады

azatmedia

Қазақстанда алғаш рет сурдоаудармасы бар білім беру порталы іске қосылды.

azatmedia

Қазақстанда өткен тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған

azatmedia

Пікір қалдыру