Ақпарат

ЖЕТІСАЙДА БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісай ауданындағы «Үміт ұясы» орталығында «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімі Серік Мамытов арнайы қатысып, балаларға сыйлықтар үлестірді. Шара аясында балаларға эстафеталық ойындар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталған орталықта психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, балаларға кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Айта кетейік, мереке қарсаңында аудандағы 415 мүгедектігі бар балаларға заттай және қаржылай көмек көрсетілуде. Оның 116-сы психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимылы бұзылған балалар болса, 299-ы үйде аранаулы әлеуметтік қызмет түрін алатын балалар.

Қатысты жаңалықтар

ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

azatmedia

МЕГАПОЛИСТЕГІ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia