Ордабасы ауданында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ерекше әлем» атауымен мерекелік шара ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев пен «Армандар орындалады» атты жеке әлеуметтік жобаның авторы Әсел Бимырзаева қатысып, балаларды мерекемен құттықтады. Шараға аудандағы ерекше балалар арнайы қатысып, сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, балалар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына ие болды.
«1 маусым – жыл сайын атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл әлемде балалардың құқықтары мен болашағына назар аударуға шақыратын ең мейірімді әрі маңызды мерекелердің бірі. Балаларға бақыт сыйлау біздің мәртебелі міндетіміз. Осы орайда аудандағы барлық балақайларды мерекемен құттықтаймын. Осындай игі шараны қолдауға әрдайым дайынбын», — деді аудан басшысы.