«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіптік одағы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев Түркістан облысы басқармасының «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Түлкібас аудандық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.
Кездесу барысында «Лайықты еңбек жылы» аясында бірлесіп орындайтын іс-шара жоспары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарының жайы талқыланып, кәсіподақ мүшелеріне бүгінгі таңдағы еңбек қатынастарында кәсіподақтың рөлі мен тиімділігі айтылып өтті.
Сондай-ақ, кәсіподақ төрағасы Сапарғали Шолданбаев Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де сөз қозғап, аталған мәселелер бойынша алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
Айта кетейік, аталған ұжымда бүгінде 74 еңбеккер қызмет атқарады. Барлығы -100% кәсіподақ мүшелері.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық