Ақпарат

Еңбектің шынайы бейнесі

Еңбек адамы – қоғамның іргетасын қалаушы негізгі тұлғалардың бірі. Ал мұғалім – сол еңбектің шынайы бейнесі, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші, білім нәрімен сусындатушы еңбек адамы. Мұғалімнің рөлі тек білім берумен шектелмейді, ол жас ұрпақтың жүрегіне адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіреді. Сондықтан да мұғалім еңбегі ерекше құрметке лайық. Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Хильветова Нулуфар Әділқызы 15 жылдық жұмысы барысында үлгілі және де білімді оқушыларды тәрбиелеп оларды білім нәрімен сусындатып келе жатыр.Мұғалім болу – үлкен жауапкершілік. Ол күн сайын мектеп табалдырығын аттап, шәкірттерімен жүздескенде олардың болашағын ойлайды, әрбір баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.Нулуфар Әділқызы үшін мұғалім болу – тек кәсіп емес, үлкен жауапкершілік пен миссия және әрбір оқушының болашағына әсер ету мүмкіндігі үлкен мәртебе. Қазіргі уақытта өз оқушыларының табысты да білімді болуына ықпал етіп келеді.Оқушылармен жұмыс істеу және тәжірибелік білімі бар және де бұл білімді жұмыс барысында қолдана алатын ақылды да ізденімпаз жан. Мұғалімнің басты құралы – білім, ал оның нәтижесі – шәкіртінің жетістігі мен өмірге деген көзқарасы. Ұстаз еңбегі әрдайым қоғамның дамуымен тікелей байланысты, өйткені нағыз еңбек адамы тәрбиеленгенде ғана мемлекет болашағы жарқын болады. Болашақта Нулуфар Әділқызы бұдан да биік белестерден көрініп,білімді оқушыларды ұясынан ұшыруына сенімдіміз.  

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

Шымкентте 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

azatmedia

Қиындықтар – өткінші, бірлігіміз – мәңгі!

azatmedia