Ақпарат

ЭКОЛОГИЯНЫ САУЫҚТЫРУҒА БОРЫШТЫМЫЗ

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық экологиялық кеңестің кезекті отырысы өтіп, оған республика өңірлеріндегі партия филиалдары ZOOM платформасы арқылы қосылған болатын. Жиынның күн тәртібінде өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің, қалдық қоймаларын рекультивациялау мен қайта өңдеудің, мұнай қалдықтарын және техногендік минералды түзілімдерінің проблемалық мәселелері талқыланып, осы салаларда айқындалған өзекті деген жайттар таразыланды. Қаралған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Өнеркәсіп және құрылыс, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау вице-министрлері хабарламалар жасап, экологияны сауықтыру, өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын азайту, деградацияға ұшыраған топырақ жабындысын қалпына келтіру, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын техникалық регламентке сәйкестендіру, халық денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде салалық бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жиын барысында сондай-ақ Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы «Қазақмыс», «Қармет», «ERG» сынды ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қалдықтарын залалсыздандыру мәселелері қозғалды.Республикалық экологиялық кеңестің отырысына партияның Түркістан облыстық филиалы онлайн режимде қосылып, күн тәртібінде қаралған мәселелердің өзектілігі және олардың шешім табуына арналған ұсыныстарды партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, партияның Түркістан облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңестің төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бегімбет Байғараев, Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев, партия филиалының жауапты қызметкерлері тыңдап, зерделеді.Айта кету керек, бүгінгі таңда облыс аумағында 135 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленіп, барлығына қоршаған орта эмиссиясына рұқсат қағаздары алынып, құжаттандырылған. Қолданыстағы полигондарды санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіруде 16 жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Биылғы жылы Созақ ауданындағы Жуантөбе, Қаратау, Қарақұр ауыл округтеріндегі полигондардың құрылыстары аяқталған. Сондай-ақ облыс аумағында қоқыстарды жинау, шығару және тасымалдау қызметімен 62 мекеме айналысатын болса, барлық аудан, қала орталықтарында құрылыс қалдықтарын тастайтын арнайы жер телімдері белгіленіп, мемлекеттік актілері алынған. Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын 17 мекеме айқындалған, биылғы жылдың қазан айына дейін 69 мың тоннадан аса қоқыс жинақталған болса, оның қайта өңдеуге бағытталған қалдықтардың көлемі 17,5 мың тоннаға жуықтаған. Осы және өзге де өңір экологиясына қатысты мәселелер аманаттық өкілдердің тұрақты бақылауына алынып, бұл бағыттағы жұмыс көрсеткіштерінің орындалуы партия алаңдарында талқыға шығарылып, пәрменді шешімдер қабылдануда.

Қатысты жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕР АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

Еңбек адамы – ел ырысы

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

azatmedia