Ақпарат

AMANAT: АҚ ХАЛАТТЫЛАР ОҚУЫНА АҚ ҚАНАТТЫ ПЕРІШТЕЛЕР КЕЛДІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Конгресс холл көпсалалы кешенінде Түркістан жоғары медицина колледжінің «Жаңа Қазақстан – жалынды жастар – жарқын болашақ» атты студенттер қатарына қабылдау салтанатты кеші болып өтті. Іс-шара орта буын медицина кадрларын даярлайтын оқу орнының 60 жылдық мерейлі белесіне арналды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлт саулығын нығайтуға арналған кешенді шаралар қабылданатыны айтылған болатын. Соның ішінде білікті медицина мамандарының тапшылығын шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттыру көзделгені мәлімделді.
Түркістан облысы үшін медицина мамандарын даярлау, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің маңызы жөнінде аталған салтанатты жиынға қатысқан «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, партия филиалы жанындағы отбасы және әлеуметтік қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай атап өтті. Мереке қонақтары колледждің өңіріміздің қоғамдық өміріне, білім мен медицина салаларының дамуына қосып жатқан үлесі айрықша екені айтылып, бір топ ұстаздар мен белсенді студенттерге Түркістан облыстық мәслихатының, облыс әкімдігінің, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хаттары табысталды.
«AMANAT» партиясы өзінің саяси тұғырнамасында біздің басты байлығымыз – адам деп белгілеп, медицина саласындағы кезек күттірмейтін мәселелерді рет-ретімен шешуді қолға алғаны белгілі. Соның ішінде жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін ауруханалар мен емханалар желісін ұлғайту, ауылдарда фельдшерлік пукттер мен медицина бекеттерін салу, денсаулық сақтау ұйымдарының техникалық базасын жақсарту, жоғары санатты және орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі міндеттер белгіленіп, іске асырылуда.
Партиямыздың бастамасымен медициналық қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жай-күйін талқылап, отандық медицинадағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынуда «Дәрігер Talks» диалог алаңы ашылған болатын. Пікір алмасу мінберінің жұмысына қатысқан Парламент Мәжілісінің және партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов мемлекет әрқашан денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударатынын атап өтті.
Түркістан облысы халық саны жөнінен қарқынды өсіп жатқан аймақтардың бірі екені айқын. Бүгіннің өзінде өңірімізде республика халқының 10 пайыздан астамы тұрады. Түркістан облысында тәулігіне орташа есеппен 150-ге жуық бала дүниеге келсе, жылына 240 мыңға жуық сәби дүние есігін ашып, қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырып келеді. Облыс тұрғындарының қатарында 183 мыңнан аса көпбалалы аналар болса, 100 мыңға жуық адам мүмкіндігі шектеулі жандар санатында тұрақты медициналық көмекті қажет етеді. Түркістан облысында 800-ге жуық – бюджеттік, 130-дан астам – жекеменшік медицина ұйымдары халыққа қызмет көрсетеді.
Партиямыздың 70 мыңға жуық мүшесі – медицина саласының өкілдері екенін әрдайым мақтан тұтамыз. Медицина қызметкерлері «AMANAT»-тың маңызды тірегі саналады деп білеміз. Өмірімізге жаңа леп әкелетін буынның өкілдері ретінде жастарымызға үлкен үміт артып, оларды партия қанаты астында әрекет ететін «Жастар рухы» жастар қанатының аясына біріктіруді мақсат тұтамыз. Осы орайда, азаматтық жауапкершіліктің ең биік өлшемі саналатын медицина мамандығын таңдап, бүгін студент атанған жас буын замандастарымызды құттықтаймыз! Қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін маңызды кәсіпті игеруде оқуларында озат болып, елдің мерейін арттыра берулеріне тілектестігімізді білдіреміз!

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысының өнерпаздары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысады

azatmedia

«AMANAT-AQYLMAN» ОЙЫНДАРЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

azatmedia

Антон Бредихин: «Қазақ деген ұлт болмаған»

azatmedia