Ақпарат

Еңбек адамының қоғамда алатын орны ерекше

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Өйткені әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайықты жандар. Соның бірі – ұстаз Алибаева Мариям Аубакирқызы.Мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз 1964 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген.1981 жылы Өзбекстан Республикасы, В.И. Ленин атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1986 жылы осы оқу орнын Физика мамандығы бойынша бітіріп шыққан.Еңбек жолын 1986 жылы Түркістан қаласындағы №1 кешкі мектебінде физика-математика пәні мұғалімі болып бастаған. Содан 1987 жылы сегіз жылдық Шорнақ мектебінде, 1990 жылы Фрунзе атындағы орта мектебінде, 1997 жылы А.Науаи атындағы №13 жалпы білім беретін мектебінде абыроймен қызмет атқарып келді.Ал 2000 жылдың 25 тамызынан бастап №2 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебіне физика пәні мұғалімі болып қабылданып, қазіргі таңға дейін аталған білім ордасында өз жұмысын жалғастыруда.Білімін әрдайым жетілдіріп отыратын білікті ұстазымыз Мариям Аубакирқызы кәсіподақ мүшесі, кәсіподақ комитетінің барлық бастамаларын қолдайды. Өз жұмысына адал және үлкен жауапкершілікпен қарайды, кішіге үлгі болып, барлық тәжірибелерімен бөлісіп оларға үйретумен келеді. Саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнап, осы салада ұзақ жыл қалтқысыз қызмет еткені үшін еңбегі елеусіз қалған емес.Еңбек еткен жылдары Мариям Аубакирқызы:- 2012 жылы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен;- 2017 жылы Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен;- 2023 жылы Республикалық «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;- 2022 жылы Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет Грамотасымен;- 2023 жылы Қазақстан Республикасы оқу ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен;- 2021-2023 ж.ж Түркістан облысының Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған.Сонымен қатар, кейіпкеріміз еліміздегі білікті педагогтарды анықтау және оларды қолдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық, республикалық олимпиадаларда үнемі жеңімпаздар қатарынан табылып, жоғары жетістіктерге қол жеткізген.Атап айтсақ:- 2020 жылы «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» КММ-нің IV облыстық пән олимпиадасында – 1 орын;- 2021 жылы «Ең білімді педагог» облыстық олимпиадасында – ІІІ орын;- 2023 жылы Республикалық ПедСтарт олимпиадасында – І орын иегері атанған.Осы орайда білім сапасының артуына өз үлесін қосып жүрген ұстазымызға Түркістан облыстық Кәсіподақтар орталығының атынан зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне сәттілік, жұмысына табыс тілейміз! 

Қатысты жаңалықтар

Ғалымдар ерте қартаюды қоздыратын тағамдарды анықтады

azatmedia

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕЛЕР ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУЫМЫЗДА

azatmedia

«ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia