Ақпарат

БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ

Бүгін Түлкібас кентіндегі Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Халықтық штабының өкілдері білім ұйымының педагогикалық ұжымымен кездесті. Қоғамның ең зияткер буыны саналатын мұғалімдерге атом энергетикасының артықшылықтары туралы маңызды ақпараттар беріліп, тұтас экономикаға позитивті ықпал ететін тұстары жөнінде мағлұматтар айтылды.Халықтық штабтың өкілдерін Түлкібас ауданына бастап келген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев кездесудің мән-маңызына тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, әлемде қазір энергия тапшылығы болып жатқанын, экономикамызды көтеруде жаңа өндірістердің қажеттілігін, ол үшін көп энергияның керектігін айтып, мұндай жоғары сұранысты тек атом энергетикасы ғана шешуге мүмкіндік беретіні сөз етті. Осы орайда, Мемлекет басшысының Жарлығымен 6 қазанда – жалпыұлттық референдум өткізу белгіленіп, Атом электр станциясын салу жөніндегі таңдауды, халық жасайтынын айтты», – деді партияның өңірлік филиалының төрағасы.АЭС салу жөніндегі жалпыхалықтық референдум – экономика саласына тікелей қатысты мәселе бойынша азаматтарға таңдау еркі беріліп отырған алғашқы қадам екені айтылды. Әділетті Қазақстан көз алдымызда қалыптасып жатқанына назар аударған штаб өкілдері, өзгерістер жасауға бүкіл қоғам болып үн қатып, бәріне теңдей мүмкіндік беретін әділетті мемлекеттің іргетасы болып қаланып келе жатқанымызға бас мән берілді.«Азаматтарға таңдау еркін беру – жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруда. Реформалар арқылы елге жанашыр шынайы азаматтық қоғам тіктеліп келеді. Мемлекеттің тұтастығы, елдің татулық-бірлігі, қоғамның қауіпсіздігі мәселелері – талқыға түспейтін айнымас құндылықтар болып белгіленді. Арамызда түрлі көзқарас болғанымен, ұлттың біртұтастығы, елдің болашағы, мемлекеттің мызғымастығы тұрғысында – бәріміз біргеміз», – деп мәлімдеді, өңірлік Халықтық штабтың мүшесі, «Қарабұлақ» ауылдық ауруханасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.Жиын барысында АЭС салу бастамасы Қазақстанның энергетика саласын түбегейлі жаңғыртуға ықпал етіп, жаңа технологиялардың келуіне жол ашатыны айтылды. Станция жұмысын ұйымдастыруда қосымша өндірістік желілер, қызмет көрсетуші құрылымдар пайда болмақ. Олардың барлығы технологиялық тұрғыда мүлде жаңа мазмұндағы өндірістік желіні іске қосатын болады деп атап өтті штаб мүшелері.«Қазіргі есеп бойынша, АЭС салуға 2 мың жұмысшы жұмылдырылса, қолданысқа берілген соң 8 мың жұмыс орны ашылады. Олар ең жоғары білікті кадрлардан құралатын болады. Станция орналасатын аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырылады. Жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар салынады. Өндірілген электр қуатының тарифін ұзақ жылдар бойы бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, халықтың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, экономиканы көтеруге, жаңа өндіріс орындарын ашуға, цифровизация мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді», – деді Халықаралық туризм және меймандостық университетінің доценті Сәбит Баймағанбетов.Сондай-ақ, мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу барысында «Ақ-Су Групп» ЖШС директоры, «Ақ жол» партиясының өкілі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Үсентаев, «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Бейбіт Биназаров, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ержан Жүнісов, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түлкібас аудандық электр желілік мекемесінің директоры Асқар Досов сөз алып, атом электр станциясының дәстүрлі көмір және газ электр станцияларынан басты айырмашылығы – энергия өндіру кезінде атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайтынында екенін түсіндірді. Үлкен уран қоры бар Қазақстан жағдайында АЭС құрылысы ұзақ мерзімді негізге арналған тұрақты және сенімді энергия көзі болып табылатынын жеткізді.Мұғалімдер Қазақстанның АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдіріп, ол энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға, заманауи технологияларды енгізуге, тұтастай алғанда экологияны жақсартуға ықпал етуге қызмет ететініне сенімді екендіктерін білдірді. 

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: в течение недели организуется множество мероприятий

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ» АТТЫ ЭТНОКВЕСТКЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

azatmedia

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ҮШІН ІС-ҚИМЫЛ КҮНІНЕ ОРАЙ КӘСІПОДАҚ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia