Ақпарат

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Алдымен бірнеше көшені аралап, жол жөндеу жұмыстарын қадағалады.Облыс әкіміне Қазыбек би және О.Жарылқапов көшелері аралығындағы жол құрылысының барысы таныстырылды. Жолдың ұзындығы – 2,5 шақырым, төрт жолақты. Құрылысы қарқынды жүруде. Қаржысы толық бөлінсе, биыл аяқталады. Тәукехан көшесін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Ұсақ түйіршікті асфальт төселіп, аяқжолдар салынады.Одан кейін Нұралхан Көшеров Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жолдың ұзындығы – 7,4 шақырым, 4 жолақты. Тапсырыс беруші – қала әкімдігі. Жоба 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бүгінде 3 463 412,3 мың теңге игерілген. Толық қаржыландыру күтіліп отыр. Бұл жол салынған соң «Бекзат» шағынауданының тұрғындарына өте қолайлы болмақ. Қала орталығындағы жол жүктемесі де азаяды.Облыс әкімі жол жөндеу саласындағы жұмыстар бойынша қала әкімі мен жауапты орынбасарларының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Мәселелер бақылауға алынды.Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

ОРДАБАСЫДА ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА АЛЮМИНИЙ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia