Қазақ үшін елге сыйлы, құрметке лайық адамның бағасы – адал еңбек, маңдай тер. Кәсіби шыңдалу жолында түрлі ізденістер мен талпыныстар арқылы өз мамандығының шебері болудың жөні бөлек.Абдукаримова Нилуфар Жамаловна 1974 жылы 10 қыркүйекте Ескі Иқан ауылында дүниеге келген.1981 жылы Ескі Иқан ауылындағы ВЛКСМ(казіргі таңда Әл-Фараби) атындағы жалпы білім беретін мектебі) мектебінің табалдырығын аттап, аталған мектепті 1991 жылы аяқтаған.Білімін жетілдіру мақсатында 1991-1995 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасындағы ТГПИИЯ атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтында «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алып шыққан.Еңбек жолын 1996 жылы Ю.А.Гагарин казіргі таңда (Х.А.Яссавий)атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, 2000 жылы ағылшын тілі пәні» мұғалімі болып ауыстырылды.2004-2006 жылдар сол мектепте «педагог психолог «мамандығына ауыстырылды.2006-2008жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында сол мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2013 жылдан бастап N 25 жалпы орта мектебіне директорының оқу-ісі жөнінде орынбасары болып ауыстырылды.Қазіргі таңда осы білім ордасында шәкірттеріне дәріс беріп, «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі болып өз жұмысын жалғастыруда.Кейіпкеріміз оқу үдерісінің тиімділігін арттыру жолында үнемі ізденісте жүріп, заман талабына сай озық оқыту технологияларын, жаңашыл әдістемелерді тиімді қолданып келеді. Сол жолда 2024 жылдың 12 тамызда «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісімен марапатталған.Сондай-ақ, еңбек еткен жылдарында білікті ұстазымыз қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында көптеген жетістіктерге де жеткен.Қол жеткізген жетістіктеріне келер болсақ,:- 2016 жылы 12 тамызында «Ыбырай Алтынсарин » медалі және төсбелгісімен;- 2021 жылы «Самғау» медалімен Республикалық балалар мен жасөспірімдер.- 2015 жылы «Білім беру ісінің үздігі» медалімен;- 2024 жылы Түркістан облысы білім басқармасының Алғыс хатымен;- 2022 жыл Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Мадақтамасымен;марапатталған.Сонымен қатар ұстаздар арасындағы түрлі байқауларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінген.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық