Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазығұрт ауданында еңбек заңнамасының өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы қатысты.

Жиын барысында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілетін негізгі өзгерістер түсіндіріліп, қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде туындайтын жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, қызметкерлерді уақытылы сақтандырудың еңбек заңнамасын сақтау мен олардың құқықтары мен денсаулығын қорғаудағы маңыздылығы ерекше атап өтілді.Жиын аясында Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Қанат Иматов мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында жұмыс жүргізу тәртібін түсіндірді

.Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы арқылы қорғалатыны айтылып, құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау және қалпына келтіру үшін жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгіну мүмкіндігі бар екені жеткізілді.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2025» ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

azatmedia

АТПАЛ АЗАМАТТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

azatmedia

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН АУДАНДЫҚ ФОРУМДА ТАЛҚЫЛАДЫ

azatmedia