Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз еңбек адамы дегеніміз кім екенін пайымдап, «бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман.Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат» деген болатын.«Еңбек адамы» айдарындағы кейіпкеріміз Бастарбек Пірімбетов 1951 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын туып өскен ауданындағы «Путь Ильича» ұжым шаруашылығында клуб меңгерушісі қызметінен бастап, мектепте ұстаз, кәсіптік-техникалық училищеде комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін жауапкершілікпен атқарған ол Оңтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің жанындағы кәмелетке толмаған жастармен жұмыс істеу комиссиясына жауапты хатшылыққа жоғарылатылды.1982-1992 жылдары алғаш Шымкент қаласындағы Дзержинский аудандық партия комитетінде, Шымкент қалалық партия комитетінде нұсқаушы, кейіннен Еңбекші аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі, 1985-1992 жылдар аралықтарында Шымкент қалалық мәдениет, қалалық Кеңестің әлеуметтік кешені мен ұлтаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.1992-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, 2002-2003 жылдары облыстық кинобейне орталығының, 2003-2006 жылдары облыс әкімдігінің Концерттік бірлестігінің (филармония) бас директоры, 2006-2014 жылдары Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры, 2014 жылдан бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы.Атқарған қызметтерінде өзін білікті, жоғары дәрежелі маман, іскер ұйымдастырушы, принципті басшы ретінде көрсете білді.Бүгінде кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, киелі Түркістан өңіріндегі кәсіподақ қозғалысының дамуына үлкен үлес қосып жүрген азамат.Еңбек адамының әлеуметтік- экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы, әлеуметтік әріптестікті дамытудағы белсенді жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының «Құрмет Грамотасымен», «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының ардагері» құрмет белгілерімен марапатталған.Осы орайда Түркістан облыстық Кәсіподақтар орталығының атынан өңіріміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген кейіпкерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасына амандық және жұмысына табыс тілейміз!
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық